2019 жылы Қысқы Универсиадада Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстар 2-12 наурыз аралығында Красноярск қаласында (Ресей) өтеді.

Айта кетейік, 18 жастағы отандасымыз ақпан айында Анахайм қаласында (АҚШ) өтетін төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді.

Конкурсқа Солтүстік және Оңтүстік Америка, Азия, Африка және Океания спортшылары қатысады.

Турнир 7 ақпаннан 10 ақпанға дейін Анахаймдағы Honda орталығының аренасында өтеді.