Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғйыпқызы Моңғолияда марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Моңғолия президенті Халтмаагийна Баттулгидің шешіміне сай, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғйыпқызы „Алтан гадас“ орденімен (Поляр жұлдызы)» марапатталады, — делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Айшолпанды бүкіл әлемге танымал етті.