30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионаты өтеді.

Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «ТІКА» түрікынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спортқауымдастығының, «Қыран» федерациясының ұйымдастыруымен өтетін Құсбегіліктен IIАзия ашық чемпионатына онға жуық мемлекеттің командалары қатысады. Қазақстанның өзінен жетпістен астам құсбегі бақ сынамақ. Ал, алыс-жақын шетелдерден жарысқақатысатын құсбегілер саны жиырмадан астам. Венгрия, Словакия, Италия, Испания, Түркия,Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Шотландия, Чехия және Қырғызстан мемлекеттерінен жарысқақатысу өтінімдері түсті.Бүркітті шырғаға түсіру, түлкі мен қоянға салу, қаршыға, сұңқар,ителгімен қоян, кептер ұстау, ителгіні далбайға ойнату – Құсбегіліктен II Азия ашықчемпионатының ең қызықты бәсекелері.Еске салып өтсек, 2013 жылы Астана қаласында бүркітшіліктен дүниежүзілікфестиваль ұйымдастырылса, 2017 жылы Көкшетау қаласында құсбегіліктен І Азиячемпионаты өткізілді.Құсбегіліктен II Азия ашық чемпионаты өтетін мекенжай: Алматы қаласыныңАлатау ауданындағы Бауыржан Момышұлы мен Ақын Сара көшелерінің қиылысында(«Промзона» аймағында).