Бүгін Оңтүстік Корея Республикасында Елдос Бадашев пен Абзал Тулыбеков ат үстінен садақ атудан Әлем чемпионы атанды.

Қазіргі кезде Оңтүстік Корея Республикасының Каңвондо провинциясындағы Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 23 мемлекеттің алпыстан астам мергендері бақ сынайтын осы Әлем чемпионатына Жамбы атудың қос сұрмергені Елдос Бадашев пен Абзал Тулыбеков жуырда аттанған болатын.