Ат спортының екі түрінен де Түркістан облысының спортшылары қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді.

Олармен бірге өз аймағынан үздік шыққан Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе обылысының өрендері де бар өнерін ортаға салды. Бірақ бағы жанбады. Айта кетейік, «Ұлы дала рухы» фестивалі екі жарым айдан бері жалғасып келеді. Оның аясында ұлттық спортымыздың сегіз түрінен сайыстар өтіп жатыр.

Қазақ күресінен түркістандықтарға қарсылас шыдамады. Ал тоғызқұмалақтан павлодарлық жігіттер мықты шықты. Асық атуда жамбылдықтардың сақасы алшысынан түсті.

Ақтық кездесулер 16 қыркүйекке дейін жалғасады.