Бүркітші қызымыз Моңғолияда марапатқа ие болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызӘлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғйыпқызы Моңғолияда марапатқа ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Моңғолия президенті Халтмаагийна Баттулгидің шешіміне сай, бүркітші қыз Айшолпан Нұрғйыпқызы „Алтан гадас“ орденімен (Поляр жұлдызы)» марапатталады, — делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Айшолпанды бүкіл әлемге танымал етті.