Халықаралық дзюдо федерациясы жыл соңында олимпиадалық рейтингті жаңартты. Қазақстандық балуандар Олимпиада қарсаңында ұпай жинауды одан әрі жалғастырмақ.

Отандық дзюдошылар арасынан рейтингте жоғары орында тұрған екі спортшы бар. Олар - Елдос Сметов (60 келі) пен Ерлан Серікжанов (66 келі). Сметов өз салмағындағы олимпиадалық рейтингте 5-ші орында тұр. 66 келідегі Ерлан Серікжанов та үздік бестікке енген. Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 11-ші, Елдос Жұмақанов (66 келі) 15-ші, Жансай Смағұлов (73 келі) 11-ші, Дидар Хамза (81 келі) 10-шы, Ислам Бозбаев (90 келі) 10-шы, Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) 23-ші орында.

Еске сала кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, Олимпиада ойындарына өз салмағында үздік 18 спортшының қатарына енген дзюдошылар ғана қатыса алады.