Бірнеше легионермен қатар қазақстандық футболшылардың алдында қарызы бар «Ақтөбе» футбол клубының қазіргі жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қарызы көп клубқа қысқы трансферлік уақытта ойыншыларды тіркеуге тыйым салынып отыр.

«Футбол клубының ойыншылар алдындағы қарыз өте көп. 2016 жылы тек жаттықтырушылар мен экс-директор Дмитрий Васильевке қарыз болды. 2015 жылы 6-7 қазақстандық футболшыға, сонымен қатар, Айодел Аделей мен Данило Некоға қарыз болған екен. ФИФА-ның да шешімі бар.

2014 жылы Сергей Ковальчукке қатысты да сот шешімі шықты. Бұл сотқа арыз берген, ФИФА-ға шағым түсірген футболшылар тізімі. Кейбір футболшылар клубтың қазіргі жағдайын біліп, арыз түсірген жоқ»,- деген болатын Самат Смақов баспасөз-конференциясында.

Неконың алдында «Ақтөбенің» қарызы ұлғайып кетті