Оралдық «Ақжайықтың» бас бапкері болған Владимир Мазяр Украинаның ұлттық полициясының келісілген ойындарға байланысты жүрігізіліп жатқан тергеу істері жайлы пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Жалпы алғанда, келісілген ойындарды ұйымдастырумен айналысатын адамдарды табу үшін мұқият жұмыс атқару қажет. Украина қазір қиын уақыттарды өткізуде. Мұндай сәтте қылмыстық ұйымдар белсенді жұмыс жасайды. Сол себепті бұл тергеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Италияда жемқорлыққа қатысы болған «Ювентусті» қатаң жазалаған, ал Украинада мұндай шаралар қолданылып жатры ма? Тергеу істері клубтың немесе адамдардың абыройына қарамай соңына дейін жалғасады деп сенемін. Салыстырмалы түрде айтсам. Мен жұмыс істеген Қазақстанда футбол федерациясы келісілген ойындарға қатаң қарайды. Үш-төрт жыл бұрын келісілген ойынға қатысқаны үшін бір команданы біріншіліктен алып тастаған болатын, - деді Владимир Мазяр UA-Футбол сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, тура бір жыл бұрын украиналық маман «Ақжайықтың» тізгінін ұстаған. Алайда ел біріншілігінің 9-шы турынан соң өз еркімен қызметінен кетті.