Танымал футбол агенті Дмитрий Селюк Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерде шектеудің алынатынын айтты.

- Белорусь хоккейшілері ҚХЛ-да легионер ретінде саналмайтын болды. Бұл туралы естідіңіз бе?

- Әрине! Тіпті, келер аптада Белорусь футболшылары Ресей Премьер-Лигасында легионер санатынан алынып тасталады. Мен қандай да бір шектеудің болғанын қаламаймын. Тек әділ бәсекелестік болған жерде жоғары нәтиже көрсетеді. Әрине, бұл мен шешетін мәселе емес. Алайда менің ойымша, ешқандай шектеу болмау қажет.

Жақын уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің футболшылары легионер ретінде саналмайтын болады. Бұл мәселе жаңа жыл келмей тұрып шешілуі мүмкін.