Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылардың жаңа рейтингін жариялады.

Тізім басындағы үздіктер үштігін бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испан Рафаэль Надаль және швейцариялық Роджер Федерер құрады. ТОП-100 тізіміндегі жалғыз қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 53-орында қалды.

Жүздікке ең жақын қазақстандықтар - Александр Бублик пен Александр Недовесовтер де бұрынғы 169 және 185-орындарын сақтап қалды.