Астанада теннистен әуесқойлар арасында «Astana Open» турнирі өтіп жатыр.

Бірегей шараны «Астаналық» теннис клубы Қазақстан теннис федерациясының қолдауымен Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырып отыр. «2012 жылдан бастау алатын турнирге қатысушылар саны жыл сайын артуда», - дейді ұйымдастырушылар. Ереже бойынша жарыс екі бөлімнен: топтық және финалдық плей-офф кезеңінен тұрады. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 3 желтоқсанға жоспарланған.