Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды.

Румыниялық Симона Халеп әлемнің бірінші ракеткасы атағын ешкімге бірмей келеді. Екінші орында неміс спортшысы Анжелик Кербер, үшінші орында Дания өкілі Каролин Возняцки тұр.

Қазақстандық Юлия Путинцева бұрынғыша 45-орында, Зарина Дияс 90-орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшылардың арасында үздік жүздікке ең жақын орналасқан Елена Рыбакина бұрынғыша 176-орында. Жұптық разрядта Галина Воскобоева 63-орында болса, Анна Данилина 142-сатыда қалды.