Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін 2019 жылдың қаңтар айының соңында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

TVA Sports ақпараты бойынша жекпе-жек Квебекте 26 қаңтарға жоспарланған.

Батырдың қарсыласы оның командаласы Матье Жермен (16-0, 8 КО) болуы мүмкін.