Орта салмақта WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Канело» 15 желтоқсанда Рокки Филдингпен жұдырықтасады

«Үшінші жекпе-жекке қашан болса да дайынмын. Құдай қаласа, суперорта салмақта осы титулды жеңіп, 160 фунтқа қайтамын», - деді «Канело» The Ring-ке берген сұхбатында.