Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Халықаралық олимпиада комитетіне боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдыру туралы өтініш айтты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.

«Бокс 1904 жылдан бері Олимпиада бағдарламасына енген, төртжылдық додасының негізін қалаушы спорт түрлерінің бірі. Бокс әлемі ХОК пен АІВА арасындағы қарым-қатынас дұрысталып, бокстың Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупі жойылады деген үмітте. Әуесқой бокс – жас спортшылардың үлкен спорттағы баспалдағы. Олимпиада ел атын асқақтатуды әрбір боксшы армандайды», – делінген WBC мәлімдемесінде.

Қараша айының басында өткен конгресте АІВА президенті болып өзбекстандық Гафур Рахимов сайланды. АҚШ қаржы министрлігі Рахимовта санкция тізіміне қосқан соң, ХОК бокстың олимпиадалық мәртебесіне қауіп төнетінін ескерткен болатын.