Орта салмақта WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екенін жеткізді.

Sports.kz-тің хабарлауынша, «Канело» 15 желтоқсан күні Нью-Йоркте екінші орта салмақта әлемнің «тұрақты» чемпионы Рокки Филдингпен жұдырық түйістіреді. «Үшінші жекпе-жекке қашан болса да дайынмын. Құдай қаласа, суперорта салмақта осы титулды жеңіп, 160 фунтқа қайтамын», - деді «Канело» The Ring-ке берген сұхбатында.