Жапонияның Осака қаласында қарашаның 23-25 жұлдызы аралығында «Grand Slam» жарысының қорытынды кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл жарыста әлемнің 75 елінің 454 дзюдошылары бақтарын сынайды. Қазақстан құрамасы атынан төмендегі 13 дзюдошы сынға түседі:

Ерлер: Елдос Сметов (-60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг) Ерлан Серікжанов (-66 кг) Елдос Жұмақанов (-66 кг) Жансай Смагұлов (-73 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Дидар Хамза (-81 кг) Ислам Бозбаев (-90 кг) Әзиз Қалқаманұлы (-90 кг) Әділхан Қозыбаев (-100 кг) Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) Әйелдер: Севара Нышанбаева (-57 кг) IJF ережесі бойынша «Grand Slam» турнирінің чемпиондары рейтингтік 1000 ұпай, күміс жүлдегерлер 700 ұпай, ал қола жүлдегерлер 500 ұпайды қанжығаларына байлайды.