Лиссабонда өтіп жатқан парадзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы Әлем чемпионы атанды, деп жазады prosports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Олжас алғашқы белдесуінде испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен ұтты. Сосын жапониялық Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Жартылай финалда Әзербайжан елінің өкілі Орхан Жараевты тізе бүктірді. Финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді жығып, алтыннан алқа тақты.