Дзюдодан Қазақстан құрамасы 2018 жылдың ең соңғы «Grand Slam» турниріне қатысады, деп жазады prosports.kz.

23-25 қараша аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін бәсекеге әлемнің 75 елінен 454 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Тунирнде еліміздің атынан 13 дзюдошы бақ сынайды.

Дүбірлі доданы "QAZSPORT" телеарнасы тікелей эфирде көресетеді.Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады.