Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Мадина Седнева (55 келі) қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Седнева қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік Марина Симонянды (9:0) сеніммен жеңіп, турнирде үшінші орынға ие болды.