«Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Тайнан биылғы Чемпиондар лигасында алты гол соқты.

Бұл көрсеткішпен ол қазақстандық клубтардың арасында үздік сұрмерген болып тұр. Тағы төрт ойыншы осы маусымда еуроаренада үш рет қанжығасын майлаған – Ақбалықов пен Серый (екеуі де – «Ақтөбе»), Ранжел мен Эдсон (екеуі де – «Қайрат»).

Валенко, Иманалин (екеуі де – «Ақтөбе»), Джон Леннон, Оразов (екеуі де – «Қайрат») Чемпиондар лигасында екі гол соқты.

Айта кетейік, «Қайрат» кеше элиталық кезең аясында италиялық «Пескараны» ұтқан болатын. Ал «Ақтөбе» негізгі кезеңде ұшып кеткен еді.