Шешенстанның бес жастағы тұрғыны Рахим Куриев 2 сағат 26 минут ішінде жерден кеудесін көтеріп 4105 рет көтеріп әлемді таңғалдырды.

Рекордтар кітабына енбеген Рахимді қолдап Шешенстан президенті Рамзан Кадыров өзінің телеграм каналында оның өзімен жасар балаларға үлгі болғанын алға тартқан.
Балақай өзінің рекордын ресми түрде тіркету үшін оны қайта жасауға дайын екенін жеткізді.