Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орынды жеңіп алды.