Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында шахматтан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 18 жастағы Жансая Әбдімәлік ел намысын қорғап жатыр.

Қандасымыздың ширек финалдағы қарсыласы - 2015 жылғы әлем чемпионы, украиналық Мария Музычук. Бірінші партияда Жансая күтпеген жерден жеңіске жетті. Енді классикалық шахматтың екінші партиясы 13 қарашада болады. Егер есеп теңесетіндей болса, шахматшылар жеңімпазды тай-брейкте анықтайды.