«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «Астана» мен чехиялық «Яблонец» клубы арасындағы ойынға БАҚ өкілдерінен аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Матч 8-ші қараша күні сағат 21:50-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Аккредитацияға өтініш 2018 жыл, 6-шы қарашаға дейін қабылданады. Өтініште журналистің толық аты-жөні, төлқұжатының нөмері, аккредитацияның түрі (фотограф, видео оператор, журналист) көрсетіліп, бас редактордың қолы мен ақпарат құралының мөрі басылуы керек.