«Астана» БАҚ өкілдерінен аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «Астана» мен чехиялық «Яблонец» клубы арасындағы ойынға БАҚ өкілдерінен аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.
Матч 8-ші қараша күні сағат 21:50-де «Астана-Арена» стадионында өтеді.
Аккредитацияға өтініш 2018 жыл, 6-шы қарашаға дейін қабылданады. Өтініште журналистің толық аты-жөні, төлқұжатының нөмері, аккредитацияның түрі (фотограф, видео оператор, журналист) көрсетіліп, бас редактордың қолы мен ақпарат құралының мөрі басылуы керек.