«Канонирлердің» жартылай қорғаушысы Аарон Рэмси лондондық клубтан еркін агент ретінде кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб басшылығы футболшы талап еткен жалақымен келісімшарт ұсынудан бас тартты.

Ремзидің қазіргі келісімшарты 2019 жылға дейін жасалған болатын. Қысқы трансферлік ауысым кезінде футболшы басқа клубтармен келіссөз жүргізуге мүмкіндік алады.