Бүгін Нью-Йоркте америкалық Дэниел Джейкобс украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңіп, IBF чемпионы атанған болатын.

Кездесуден кейін Джейкобс алдағы жоспарымен бөлісті.

«Сергейге құрметімді жеткіземін. Ол нағыз қарсылас болатынын және ауыр жекпе-жек беретінін білдім, сондықтан маған көп жұмыс істеуге тура келді. Алдағы жоспарларыма келер болсақ, фанаттар менің Альвареспен жекпе-жек өткізгенімді қалайды. Менде енді титул бар, сондықтан осы кездесуді ұйымдастырайық. Головкинмен реванш өткізер едім, бірақ ол чемпион емес, ал маған чемпиондар керек», - деді Джейкобс.