27 қазанда Болгария астанасы Софияда болгариялық Кубрат Пулев пен британиялық Хьюи Фьюри жекпе-жегінің андеркардында жергілікті Спас Генов пен грузиялық Леван Шония жұдырықтасқан болатын.

8 раундқа созылған жекпе-жек Шонияның жеңілісімен аяқталды. Алайда спортшы төрешілер шешімімен келіскен жоқ. Өз жеңілісінен соң ашуға мінген боксшы алдымен жекпе-жекті жалғастырғысы келді, кейін өз бапкеріне қол көтерді.

Грузиялық боксшы ринг ортасына шығып, төрешінің жеңімпазды атауына қарсылас болып, уақыт созды.