Қазақстандық Геннадий Головкин орта салмақта бес белбеудің иегері болған еді, енді бұл титулдарды басқа боксшылар иеленді.

Бүгін Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобс пен украиналық Сергей Деревянченко титулды жекпе-жек өткізген болатын. Боксшылар IBF белбеуін сарапқа салған, Джейкобс төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұған дейін бұл белбеу Головкинде болған еді, бірақ ол Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, титулды қорғаудан бас тартты.

Бұған дейін GGG-ге тиесілі болған WBO белбеуі енді америкалық Димитриум Андрадеде. Ол намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен ұтқан болатын.

Ал Головкиннің қалған үш белбеуін мексикалық Сауль Альварес жеңіп алған болатын. Канело енді WBC, WBA Super және The Ring тұжырымдары бойынша әлем чемпионы саналады.