Филиппинің Манила қаласында семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Саблядан әйелдер арасындағы сында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Әйгерім Сарыбай чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз Айбике Хабибуллина күміс медаль иеленді.

Еске сала кетейік, екі спортшы да ірі халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүр. Әйгерім Сарыбай мен Айбике Хабибуллина командалық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.