Алматыда «Барыс» спорт кешенінде семсерлесуден қала чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.Оған 150-ге жуық ерлер, әйелдер, жасөспірім қыздар мен ұлдар, балалар өз өнерлерін ортаға салып, қала қүрамына кіру үшін барынша тырысуда. Жарыс халықаралық семсерлесу федерациясының ережелеріне сәйкес өткізілуде.Бүгін, чемпионаттың екінші күнінде ұйымдастырушылардын қатысуымен ашылу салтанаты өтті. Қатысушылар бірінші күні қылышпен жарысқа шықса, екінші күні рапирамен, ал ертең, үшінші соңғы күні семсермен сайысқа түспек.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қыздар мен ұлдар арасында жеке анықталып, диплом және медалдармен марапатталады.Айта кетер жайт, жарыс ертең аяқталады. Онығң басталуы 10:00-де. Өтетін орны: Ақсай-1 көшесі, 10-ші үй. МКҚК «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» базасында орналасқан «Барыс» спорт кешені