Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында ескек есушілерден қазақстандық Эльнұра Нұрланова іріктеуді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрланова есу слаломынан 17 спортшының ішінде алтыншы орыннан көрінді. Осылайша, жерлесіміз тікелей 1/8 айналымға жолдама алды.

Кейін чилилік спортшымен жарысқан Нұрланова ширек финалға өтіп, словакиялық спортшыға қарсылас атанбақ.

Еске сала кетейік, жекелей сында Нұрланова төртінші орын иеленген болатын.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі