Жас эритреялық шабандоз Мерхави Кудус 2019 жылдан бастап Әлемдік Турдың командасы «Астана» сапында өнер көрсететін болады.

- 2019 жылдың маусымын «Астана» құрамында өткізетініме дән ризамын. Бұл мен үшін аса зор мүмкіндік. Себебі «Астана» Әлемдегі ең мықты велосипед командаларының бірі. Өзімді әрі қарай дамытып, үйренетінім көп деп үміттенемін. Командаға ауысқананнан кейін күтетін нәтижелерім өте жоғары. Жаңа маусымға дайындық барысындамын. Сонымен қатар осындай үлкен жобаның мүшесі болғаныма бақыттымын, - деді Мерхави Кудус елордалық клубтың ресми сайтына.

24 жастағы Мерхави Кудус Эритрея чемпионы. Жас болғанына қарамастан жоғарғы нәтижелерімен көзге түсіп үлгерген шабандоз. Кудус өткен маусымда «Оман Турының» жастар классификациясын жеңіп, жалпы есепте 4-орынды иемденді.

Сонымен қатар «Валенсия Вуэльтасының» қорытынды классификациясы бойынша 9-нәтиже көрсетіп, «Испания Вуэльтасының» кезеңдерінің бірінде мәреге 2-ші болып келді. 2018 жылы Мерхави «Бургос Вуэльтасының» жалпы есебі бойынша 7-орынды иемденіп, испаниялық Гранд-турдың ең белсенді шабандоздарының бірі атанды.