Жас эритреялық шабандоз Мерхави Кудус 2019 жылдан бастап Әлемдік Турдың командасы «Астана» сапында өнер көрсететін болады. Бұл туралы елордалық клубтың ресми сайты хабарлады.

24 жастағы Мерхави Кудус Эритрея чемпионы. Жас болғанына қарамастан жоғарғы нәтижелерімен көзге түсіп үлгерген шабандоз. Кудус өткен маусымда «Оман Турының» жастар классификациясын жеңіп, жалпы есепте 4-орынды иемденді.

Сонымен қатар «Валенсия Вуэльтасының» қорытынды классификациясы бойынша 9-нәтиже көрсетіп, «Испания Вуэльтасының» кезеңдерінің бірінде мәреге 2-ші болып келді. 2018 жылы Мерхави «Бургос Вуэльтасының» жалпы есебі бойынша 7-орынды иемденіп, испаниялық Гранд-турдың ең белсенді шабандоздарының бірі атанды.