17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін аса сәтсіз бастады, деп жазады prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің барлық ойындары Португалияда өтеді.

Уэльс, Беларусь және Португалия құрамаларымен бір топқа түскен қазақстандық футболшылар алғашқы ойында алаң иелерімен кездесіп, 10:0 есебімен ойсырай ұтылды. Криштиану Роналдудың інілері екі таймның әр қайсысында бес-бестен гол соқты.

Футболдан хабары бар кез-келген жанкүйер бұл жұптың айқын фавориті Португалия екенін біледі. Алайда, дәл мынадай орасан есеп бүгінгі футболға мүлде лайық емес. Осы күнде Еуропа футболында құрамалардың қуаты бұрынғыдай алшақ емес. Ең әлсіз деген команданың өзі ойсырай ұтылмайтын болған. Бірақ, мұндай ірі жеңілістерден біздің футболшылар әлі де жалығар емес.

Қазақстан U-17 құрамасының ойын кестесі:

10.10.2018. Португалия U-17 - Қазақстан U-17 - 10:0 (5:0)

13.10.2018. Уэльс U-17 - Қазақстан U-17

16.10.2018. Қазақстан U-17 - Беларусь U-17

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының U-17 тізімі:

Қақпашылар: Константин Пузанов («Динамо Минск», Беларусь), Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де - «Қайрат»);

Қорғаушылар: Жасұлан Ержігіт (академия «Оңтүстік»), Дамир Қасаболат, Арсен Азатов, Владислав Бутырин, Александр Широбоков, Лев Кургин (барлығы - «Қайрат»), Теңізбай Әбдірахманов, Юрий Аханов (екеуі де - «Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Мағжан Бауыржан, Әділет Қуаныш (екеуі де - «Қайсар Ж»), Кахрамон Хасанов (академия «Оңтүстік»), Айбар Құссайынов, Ален Айманов, Абдулла Шен (барлығы - «Қайрат»), Нұрғайни Бөрібаев («Астана»);

Шабуылшылар: Әділхан Добай (академия «Оңтүстік»), Байжан Мәделхан («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Игорь Свечников - аға жаттықтырушы, Иван Азовский - аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Махамбедиев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылар жаттықтырушысы, Сергей Елисеев - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Дінмұхамед Оралов - менеджер.