Марин Томасов «Ақтөбеге» қарсы кездесуде нәтижелі пас беріп, гол+пас жүйесі бойынша өз нәтижесін 38 ұпайға жеткізді (17 гол және 21 нәтижелі пас), деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.

Ол осы нәтижесі арқылы Игорь Бугаевты қуып жетіп, «Астана» сапындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде 7-ші орынға көтерілді.

Ал қазіргі уақыттағы көшбасшылар Патрик Твумаси (68+27), Фокси Кетевоама (34+51) және Таңат Нөсербаев (54+25).

Ал үздік ондықта «Астананың» қазіргі құрамынан Томасовтан бөлек, Жуниор Кабананга (38+10), Дмитрий Шомко (11+36) және Серікжан Мужиков (16+25) бар.