17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін аса сәтсіз бастады, деп жазады prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің барлық ойындары Португалияда өтеді.

Уэльс, Беларусь және Португалия құрамаларымен бір топқа түскен қазақстандық футболшылар алғашқы ойында алаң иелерімен кездесіп, 10:0 есебімен ойсырай ұтылды. Криштиану Роналдудың інілері екі таймның әр қайсысында бес-бестен гол соқты.

Футболдан хабары бар кез-келген жанкүйер бұл жұптың айқын фавориті Португалия екенін біледі. Алайда, дәл мынадай орасан есеп бүгінгі футболға мүлде лайық емес. Осы күнде Еуропа футболында құрамалардың қуаты бұрынғыдай алшақ емес. Ең әлсіз деген команданың өзі ойсырай ұтылмайтын болған. Бірақ, мұндай ірі жеңілістерден біздің футболшылар әлі де жалығар емес.