Әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Бернард Хопкинс ESPN басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) өз рекордын жаңартуға қатысты ойын білдірді. Америкалық қазір Golden Boy Promotions компаниясының басқарушы серіктесі. Қазір екеуі де чемпиондық атағын 20 рет қорғаған. Хопкинс 1995 пен 2005 жылдар алағы, ал Головкин бұл жетістікті екі жылға тезірек қайталады (2010-2018).15 қыркүйек Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO белбеулеріне ие Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта өткізеді,Хопкинс өзінің рекордын Головкин жаңарта алатындықтан, Альварестің жеңісін тілейтінін мойындады. Алайда ол бұл рекордты жаңартуға Головкин ғана лайықты екенін де атап өтті. "Бұл жекпе-жекте ең көп жоғалтатын адам мен шығармын. Сондықтан біздің жігіт жеңгені қажет. Рекорд жаңартылу керек, бірақ, бизнес бөлек те, жеке қатынасың бір бөлек дүние, менің карьерамның үлкен бөлігі қатерде тұр. Шынын айтсам рекордым тек 20 жыл өте ғана жаңарады деп ойлағанмын.Головкиннің рекордты жаңарту мүмкіндігі 50 де 50 дер едім. Егер ол жаңартқысы келсе, мұны "Канеломен" жекпе-жекте жасау керек. Ал егер Головкин рекордымды жаңартса, өзіне әлсіз қарсыластар (cherry-picker) таңдаған боксшыға емес, лайықты жігітке өткеніне қуанамын. Головкин жеңіл жолды таңдаған жоқ. Ол мықтыларды да жеңген, онымен ешкім жұдырқтасқысы келмейтін. Ол "Канелоны" жеңіп, рекордты жаңартса, бұл ащы термен жеткен жетістігі болады", - дейді Хопкинс.