Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің кәсіпқойлығын мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Головкин - өзгеше боксшы. Ол мықты әрі төзімді. Оны жеңу қиын болады. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды жеңіс болатыны сөзсіз», - деді «Канело» ESPN-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Канело» мен Головкиннің екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. Тап осы жерде боксшылардың тең түскен бірінші кездесуі өткен болатын. Бұл жолы боксшылардың екеуі де кездесуді нокаутпен аяқтауға оқталып отыр. Өйткені олар жекпе-жек нәтижесі бойынша шешімді төрешілер жасағанын қаламайды.