Лас-Вегаста WBC, WBA және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес баспасөз мәслихатына қатысқан.

Мексикалық спортшы допинг дауынан кейін Головкинмен ортақ шара өткізуден бас тартқан еді. Ал кешегі кездесу - рематч алдындағы соңғы жиын. Қарағандылық батырмен бір сахнаға шаққан «Канело» тік қарай алмай еңсесін тісіріп алды. Еске салайын, боксшылар арасындағы жекпе-жек жексенбі күні таңертең көрсетіледі.