«Яблонец» Чехия жоғары дивизионының 7-турында сырт алаңда «Олавеге» есе жіберді.

Ұлттық чемпионатқа биыл ғана шыққан «Олаве» «Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, 7 турдан соң «Яблонец» 10 ұпаймен алтыншы орында келе жатыр.

Айта кетейік, «Астана» Еуропа лигасының К тобында «Яблонецтен» бөлек, украиналық «Динамо» және франциялық «Ренн» клубтарымен кездеседі.