«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Поль Погба қысқы трансферлік кезеңде ағылшындық клубтан кетуі мүмкін.

25 жасар ойыншы бұрынғы командасы «Ювентуске» ауыса алатынына үмітті көрінеді. Француздық ойыншының бас бапкері Жозе Моуриньомен қарым-қатынасы дұрыс болмай жүр.

Бұған дейін Погба «Барселонаға» ауысады деген ақпарат белсенді түрде талқыланып жүрген.

Погба 2016 жылы «Ювентустен» «МЮ-ге» 105 миллион еуроға сатып алынған болатын. Ойыншының қазіргі трансферлік құны 90 миллион еуроға бағалануда.

Аударма: aladop.kz