Ямайкалық атақты желаяқ Усейн Болт 31 тамыз күні футболдағы дебютын өткізді, деп жазады prosports.kz.

Осыған дейін жеңіл атлеттің тамыз айының басында аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» клубымен келісімшартқа қол қойғаны хабарланған еді. Одан бері Болт жаңа командасы сапында ресми жаттығу өткізіп те үлгірген. Енді жасыл алаңда доп тебу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Усейн Болт кеше «Сентрал Кост Маринерс» сапында жолдастық кездесуде алаңға шықты. Алаңдағы орны орталық шабуылшы, 95-ші номермен өнер көрсетті.