Ямайкалық желаяқ Усейн Болт 31 тамыз күні футболдағы алғашқы кәсіби матчын өткізді.

Жеңіл атлет тамыз айының басында Аустралияның «Сентрал Кост Маринерс» клубымен келісім-шартқа қол қойған болатын. Бұған дейін Болт жаңа командасының сапында жаттығу жасап келген.

Усейн Болт кеше, 31 тамызда «Сентрал Кост Маринерс» құрамында жолдастық кездесуде алғашқы рет алаңға шықты. Жеңіл атлет-футболшының алаңдағы орны орталық шабуылшы, ол 95-ші номермен өнер көрсететін болады.

Аударма: aladop.kz