Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында елордалық «Астана» командасы сырт алаңда Кипр елінің АПОЭЛ командасымен кездесті, деп жазады prosports.kz.

Хорватияның «Динамосынан» жеңіліп, Чемпиондар лигасына қатысу мүмкіндігінен айрылған «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін тырысып көрмек. Осы жолда өздеріне жақсы таныс АПОЭЛ-мен күш сынасуда. Алғашқы ойын сырт алаңда өтті.

Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Қос команданың да есеп ашатын мүмкіндіктері болғанымен, сол мүмкіндіктер голға айналған жоқ. Есесіне, Бабаян шәкірттерінің ширақ қимылы қазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шықты. Елордалықтар алғашқы таймда өте тамаша өнер көрсетті.

Ал екінші таймда алаң иелері жоғары деңгейде ойынады деуге болады. Допты өз бақылуында ұстап, жиі шабуылдай бастады. Осындай шабуылдардың бірінде дегеніне жетіп, гол соғып кетті. Жергілікті жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізген голды ойынның 79-шы минутында қорғаушы Кажу соқты.

Еуропа лигасы. Іріктеу кезеңі. Плей-офф

АПОЭЛ - «Астана» - 1:0 (0:0)

Гол соққан: Кажу 79

АПОЭЛ: Ватерман (Қ), Нсуэ, Кажу, Лукас Соуза, Шоллои, аль-Таамари, Захид, Нуну Мораиш (К), Вурос, Деллаторре, Карлао.

«Астана»: Эрич (Қ) (К), Рукавина, Кляйнхайслер, Мужиков, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Малый, Кабананга, Постников, Шомко