Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында елордалық «Астана» командасы сырт алаңда Кипр елінің АПОЭЛ командасымен күш сынасып жатыр, деп жазады prosports.kz.

Бірінші тайм тең есеппен аяқталды. Қос команданың да есеп ашатын мүмкіндіктері болғанымен, сол мүмкіндіктер голға айналған жоқ. Есесіне, Бабаян шәкірттерінің ширақ қимылы қазақстандық жанкүйерлердің көңілінен шықты деген үміттеміз. Елордалықтар өте тамаша ойын өткізуде.