Өртеніп жатқан автобустан кісілерді алып шыққан Ержан Амарханов нағыз қаһарманға айналды.

Семейге оралған Ержанды қалалық әкімдік өкілдері шақырған. “Демеушілер оған 1 миллион теңге берді. Семейдегі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжоловтың айтуынша, өрттен қорықпай қайсарлық танытқан азаматтың баспана мәселесі де шешіледі.

Айта кетейік, 37 жастағы Ержан Амарханов грек-рим күресінің бапкері болып жұмыс істейді. Ол Ресейге жол жүріп өртенген автобустан 48 адамды алып шықты.