Рестлинг аңызы — Джим Наковальня Нейдхарт 64 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі TMZ порталына сілтеме жасап.

TMZ порталының ақпаратына сәйкес, спортшы өз үйінде баспен құлап, ауыр жарақат алып мерт болған.

Нейдхарттың артында әйелі Элли және үш қызы қалды. Қыздарының ішінде Наталья да әлемге танымал рестлер.